ШҚО-да 12 вагон рельстен шығып кетті

Оқиға бүгін таңертең "Бұқтырма-Заводинка" темір жолының учаскесінде болды.

ШҚО-да 12 вагон рельстен шығып кетті
Ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған, деп хабарлады turkystan.kz Altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін таңертең "Бұқтырма-Заводинка" темір жолының учаскесінде болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жағдайды Алтай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының билігі бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері жұмылдырылды.

Жүк құрамасы кен және көмір тасымалдағаны белгілі болды.