Қазақстандық балуан әлем чемпионатында күміс жүлде алды
Асылжан Есенгелді 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Асылжан Есенгелді Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан жарыстың финалында Башир Магомедовке (Ресей) есе жіберді. Есеп: 0-4.
Ол финалға дейін жапониялық Каито Моританы, үндістандық Акаш Дахияны, қырғыз балуаны Тайырбек Жумашбекуулуды қапы қалдырды.
Еліміздің атынан еркін күрестен команда сапынан Ерасыл Мұхтарұлы (57 келі), Асылжан Есенгелді (61 келі), Адлан Асқаров (65 келі), Родион Анчугин (70 келі), Ербарыс Сатыбалды (74 келі), Шамсат Таир (79 келі), Нұрдәулет Қуанышбай (86 келі), Нұрдәулет Бекенов (92 келі), Юнус Гафуров (97 келі) және Омархан Надиров (125 келі) бар.
Әлем чемпионатында еркін күрес шеберлерінен бөлек, әйелдер күресі және грек-рим күресінен жүлделер сарапқа салынады. Мұнда осы жас санатындағы былтырғы 13 әлем чемпионы өз атағын қорғауға келді. Оның ішінде алтауы еркін, төртеуі грек-рим күресінде.
Әлем чемпионаты 29 қазанда аяқталады.