Павлодар облысында көлік апатынан жүргізуші мерт болды

Жол-көлік апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза болды, ал жарақат алған жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Павлодар облысында көлік апатынан жүргізуші мерт болды
polisia.kz

Павлодар облысында жол-көлік оқиғалары тіркелді. Жол апаты салдарынан жүргізуші ажал құшты. Зардап шеккен жолаушылар бар, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 қазанда сағат 06:20-да Павлодар – Успен автожолында, Мойылды кентінің жанында Toyota Alphard көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, кюветке аударылып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза болды, жарақат алған жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Сонымен қатар 22 қазан күні сағат 18:20-да Гагарин көшесіндегі, 65-үйдің жанында Камаз көлігінің 58 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды.

Сол күні сағат 20:23-те Ледовск көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы туралы хабарлама келіп түсті. Онда Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан кейін белгісіз бағытта қашып кетті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Айманов көшесіндегі патрульдік полиция батальонының автопатрулі 56 жастағы жүргізушіні ұстады, медициналық куәландыру қорытындысы бойынша «орташа дәрежеде» алкогольдік масаң күйде болды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ЖКО фактілері бойынша тексерулер жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.