ҚазАвтоЖол жүргізушілерге үндеу жасады

Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығы арқылы немесе https://t.me/qazavtojol сілтемесі арқылы білуге болады.

ҚазАвтоЖол жүргізушілерге үндеу жасады
Ашық дереккөз

ҚазАвтоЖол күн райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге үндеу жасады.

"Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Осыған орай, көлік жүргізушілерін ауа райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруға шақырамыз. Қалыптасқан ауа райы жағдайын ескере отырып қашықтықты сақтап, жылдамдық режимін асырмау маңызды. Сырғанауды болдырмау үшін кенеттен маневр жасамаңыз. Жол белгілерін ескеріңіз", - делінген ұлттық комапния таратқан хабарламада.

Компания мәліметінше, республикалық маңызы бар күре жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды. Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығы арқылы немесе https://t.me/qazavtojol сілтемесі арқылы білуге болады.

Қазіргі уақытта республикалық күре жолдар ашық. Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды.