Аты аңызға айналған футболшы дүниеден өтті

Чарльтон Манчестер Юнайтедте 17 жылын өткізді.

Аты аңызға айналған футболшы дүниеден өтті
Ашық дереккөз
1512

«Манчестер Юнайтед» клубының аты аңызға айналған футболшысы, 1966 жылғы «Алтын доп» иегері сэр Бобби Чарльтон 87 жасында қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Манчестер Юнайтед клуб ұжымы тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі сэр Бобби Чарлтонның отбасына қайғырып, көңіл айтты.

«Сэр Бобби әрқашан ойынның алыбы ретінде есте қалады», - делінген хабарламада.

Чарльтон Манчестер Юнайтедте 17 жылын өткізді. Команда капитаны болды. Ол 758 кездесу өткізіп, 249 гол соғып, Еуропа кубогын, үш лига чемпионы және Англия кубогын жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары