Астанада «Инемен емдеудің қыры мен сыры» кітабының таныстырылымы өтті

Автордың айтуынша, бұл туынды ең әуелі кәсіби медицина мамандарына арналған.

Астанада «Инемен емдеудің қыры мен сыры» кітабының таныстырылымы өтті
1017

Медицинада қазақ тілді кітаптың аз екенін жақсы білеміз. Осы салада тыңға түрен салып жүргендердің бірі, жоғары санатты дәрігер Нұршаш Нұрмұқанның бүгін елордада «Инемен емдеудің қыры мен сыры» атты кітабы таныстырылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Іс-шараға әріптестері, сала ардагерлері, депутаттар мен жақындары қатысты. Автордың айтуынша, бұл туынды ең әуелі кәсіби медицина мамандарына арналған.

«Денеде ине салатын арнайы орындар болады, инені қаншалықты тереңдікте сұғуды да жақсы меңгеру керек. Кейбір тұстарға тереңірек сұғып жіберсе, оның пайдасынан зияны көбірек болып кетеді. Инемен емдеу жүйке жүйесі, буын ауруларына және басқа да ауруларға көмегі үлкен болғандықтан, біз инемен емдеу ғылымының теориялық негізін қалауға тырысып келеміз. Қазақ тілінде осындай кітаптар жоқтың қасы. Сондықтан ана тілінде жүйелі кітап жазуды ойға алып, шығардық», - деді Нұршаш Нұрмұқан.

Еңбек мемлекеттік тілде 300 данамен басылған. Нұршаш Нұрмұқанның айтуынша, сұраныс болса, нарыққа кеңінен шығару ойда бар.

Серіктес жаңалықтары