«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі бір аптада 107 млн теңге касса жинаған

Тicketon.kz сайты кинотеатрда көрсетіліп жатқан фильмдердің рейтингін жариялады.

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі бір аптада 107 млн теңге касса жинаған
ашық дереккөз

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің өткен аптадағы кассалық жиналымы шетелдік киноларды басып озды.    

Тicketon.kz сайтының мәліметінше, отандық фильм 107 млн 67 мың теңгемен бірінші орынға шықса, екінші орынды отандық комедиялық фильм – CocoJanbo 62 млн 572 мың теңгемен басқан.

Ал «Изгоняющий дьявола: верующий» шетелдік фильмі 45 млн 371 мың теңгемен үшінші орынға жайғасты. Сонымен қатар үздік ондықта отандық «Байдың қызын аламын» және «Белгісіз батырлар» фильмі де бар.