1138
Жаңбыр, көктайғақ: бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Синоптиктер 20 қазанда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады.
Метеорологтардың мәліметінше, оңтүстік циклон және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін батыстағы кей өңірлерде жаңбыр жауады. Ал түнде еліміздің оңтүстік-батысында жаңбыр қатты жауады деп күтілуде.
Синоптиктердің болжамынша, елдің шығысында әлі де күн ашық болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ бүгін Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен солтүстігінде күндіз жел күшейіп, солтүстігі мен солтүстік-батысында көктайғақ болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, мамандар республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтілетінін ескертті.