Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінің ауа райын әлі де кең ауқымды антициклон анықтайтын болады. Соған байланысты ашық, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек оңтүстік-батыста, күндіз батыста, солтүстік-батыста, түнде елдің оңтүстігінде фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте жел күшейеді.
ҚР бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады, - делінген Қазгидромет ақпаратында.