Павлодарда 36 жастағы ер адам алғаш рет туу туралы куәлік алды

Василий Абадовский орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманының көмегімен алғаш рет туу туралы куәлігін алған.

Павлодарда 36 жастағы ер адам алғаш рет туу туралы куәлік алды
azattyq-ruhy.kz

Павлодарда қырыққа таяған ер адам алғаш рет туу туралы куәлік алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, ол оңалту орталығына жүгінген.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, 2023 жылдың тамыз айында Павлодар қалалық балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу орталығы базасында жұмыс істейтін «Бақытты отбасы» орталығына 1987 жылы туған Василий Абадовский жүгінген. 

«Василийдің азаматтығы жоқ, өмірлік қиын жағдайға тап болған және оған көмек қажет болды. Сондықтан ол балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығына жүгінді», – деді бөлімде. 

Василий Абадовский орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманының көмегімен алғаш рет туу туралы куәлігін алған.

Бүгінгі таңда азаматтықты анықтау және жеке куәлікті ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.