Головкин футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады

Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндияны 2:1 есебімен жеңген болатын.

Головкин футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады
ашық дереккөз

17 қазан күні Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан футбол командасы Финляндия құрамасын 2:1 есебімен жеңген еді. Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ұлттық құраманы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Құттықтаймын! Алға, Қазақстан!», - деп жазды GGG Instagram парақшасында команданың бас бапкері Магомед Адиев пен ҚФФ аккаунтын белгілей отырып.

Еске сала кетейік, Финляндия құрамасын жеңгеннен кейін Қазақстан 15 ұпай жинап, H тобындағы турнир кестесінде үшінші орында. Сегіз турдан кейінгі командалардың көрсеткіші келесідей: Словения – 19 ұпай, Дания – 19 ұпай, Қазақстан – 15 ұпай, Финляндия – 12 ұпай, Солтүстік Ирландия – 6 ұпай, Сан-Марино – 0 ұпай.