1262
18 қазанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 18 қазанда ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, күн ашық болады.
Тек еліміздің солтүстік-батысында, түнде оңтүстік-батысында және күндіз оңтүстікте атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, сондай-ақ түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін.
Ал Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.