Футбол: Қазақстан Финляндиядан жеңісті жұлып алды

Бірінші таймда Тэйлор алаң иелерін айып соққысынан алға шығарды.

Футбол: Қазақстан Финляндиядан жеңісті жұлып алды
Фото: bassport.kz

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу аясында Хельсинкиде Қазақстан Финляндия құрамасын жеңді, деп хабарлады turkystan.kz.

Тарихи камбэк болды. Бірінші таймда Тэйлор алаң иелерін айып соққысынан алға шығарған. Ал екінші таймда жағдай өзгерді. Қазақстан жеңісті жұлып алды.

BasSport.kz-тің жазуынша, ұлттық құрама көшбасшысы Бактиер Зайнудинов жеңісті жұлып алды. Алдымен ол пенальтиден таразы басын теңестірді. Сосын бұрыштамадан жеңіс голын соқты.