"Бір жасырғаны бар деген сөз": Әділет министрі некені мұсылмандық жолмен қиятындар туралы

Министр Қазақстан зайырлы ел екенін және барлық азамат заң талаптарын сақтауға міндетті екенін еске салды.

"Бір жасырғаны бар деген сөз": Әділет министрі некені мұсылмандық жолмен қиятындар туралы
ашық дереккөз
1745

Әділет министрі Азамат Есқараев кей қазақстандықтар АХАЖ бөліміне бармай, мұсылманның неке қию рәсімі арқылы неке қиятындарын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Неке қию үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік органға жүгіну қажет. Бұл некеге тұрған әйелдердің құқықтарын қоса алғанда, мемлекет белгілеген тәртіппен қорғалуын қамтамасыз ету үшін жасалуда", – деді министр. 

Министр Қазақстан зайырлы ел екенін және барлық азамат заң талаптарын сақтауға міндетті екенін еске салды. Сонымен қатар, егер ер адам заңды түрде некені тіркегісі келмесе, бұл жерде бір сұрақ бар екенін айтты.

"Неліктен адам некені ресми түрде тіркегісі келмейді, кімнен немесе неден қорқады немесе жасырады деген сұрақтар туындауы керек. Егер адам сізбен бірге азаматтық хал актілерін жазу органына өзінің туыстық қатынасын ресми тіркеуге алғысы келмесе, онда бұл жерде мәселе бар деген сөз", – деді Есқараев.

Серіктес жаңалықтары