816
Павлодарда шұңқыр қазған екі адамды топырақ басып қалды
Екі жұмысшы жеке үйде шұңқыр қазу кезінде топырақтың астында қалып қойды.
Павлодарда екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық жедел жәрдем стансасының мәліметінше, 15 қазан күні кешкі сағат 19:08-де Достоевский көшесі, 60 мекенжайы бойынша екі ер адам топырақ астында қалып қойғаны туралы хабарлама түскен. Бригада оқиға орнына төрт минутта жетті.
«Екі жұмысшы жеке үйде шұңқыр қазу кезінде топырақтың астында қалып қойды. 51 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды», – деді стансада.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 46 жастағы тірі қалған ер адам қатты стресс алған. Оған «ұзақ мерзімді жеңіл дәрежеде қысылып қалу» синдромы деген диагноз қойылды.