Жәнібек Әлімханұлы кезекті жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Қазақстандық спортшы келесі жекпе-жекті қыста өткізгісі келетінін айтты.

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жекті осы қыста өткізгісі келетінін жеткізді.

АЙта кетейік, 15 қазанда Жәнібек Әлімханұлы Германияның өкілі Винченцо Гуальтиериді нокаутпен жеңіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

«Мен барлық төрт белдікті алғанша тойлай алмаймын. Маған WBC және WBA титулдары керек. Оны ақпан айында жасайық. Мен өз белбеулерімді қорғағым келмейді! Маған басқа белбеулер керек! Мен кез келген чемпионды нокаутқа жіберемін» деп жазды Әлімханұлы.