Павлодарда мас күйінде ұсталған мектеп директоры қызметінен қуылды

Павлодарда мас күйінде көлік айдап, ұсталған мектеп директоры 15 тәулікке қамауға алынды.

Павлодарда мас күйінде ұсталған мектеп директоры қызметінен қуылды
Ашық дереккөз
864

Ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында мас күйінде көлік жүргізген ауыл мектебі директорына қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Ер адам өзінің кінәсін жоққа шығарғанына қарамастан, оның жасаған әрекеті  сот-медициналық сараптаманың қорытындысы және полиция қызметкерінің жетонындағы бейнежазбамен дәлелденді. Сот оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қолданды», - делінген хабарламада.

Іс материалдары бойынша, Павлодар ауданындағы мектептерінің біріндегі директоры масаң күйде рөлге отырғаны белгілі болды. Білім беру бөлімінің хабарлауынша, әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысында оған тәртіптік жаза қабылданды. Құқық бұзушыға қатаң сөгіс беріліп, атқарып жатқан қызметінен босатылды. 

 

Серіктес жаңалықтары