Бағдат Мусин астаналықтардан кешірім сұрады

Әрбір облыс орталығы аумағының 60 пайыздан астамы 5G технологиясымен қамтылмақ.

Бағдат Мусин астаналықтардан кешірім сұрады
gov.kz
1597

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанадағы интернет сапасы үшін тұрғындардан кешірім сұрады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазір жаппай орнату және 5G технологиясына көшу жүргізілуде. Базалық станциялар біресе анда, біресе мұнда әкелінеді. Жалпы процесс жүріп жатыр.
Әрине, сол процес кезінде технология болғандықтан қиындықтар туындауы мүмкін. Тұрғындардан кешірім сұраймыз. Бұл, менің ойымша, уақытша құбылыс. Ұялы байланыс операторлары жыл соңына дейін елорда мен Алматыдағы жағдайды түзетеміз деп сендірді», - деді министр.

Сонымен қатар ол 2025 жылдың соңына дейін әрбір облыс орталығы аумағының 60 пайыздан астамы 5G технологиясымен қамтылатынын айтты.

«Жоспар бойынша біз биыл 700 базалық станцияны орнатуымыз қажет. Операторлар қазірдің өзінде бұл көрсеткішті еңсерді. Жыл соңына дейін 1 мыңнан астам базалық станция орнатылады. Ұялы байланыс операторлары президенттің тапсырмасын орындап, республикалық маңызы бар қалалардың кем дегенде 75 пайызын және облыстың 60 пайыздан астамын 5G технологиямен қамтитынына толық сенемін», - деді Мусин.

Серіктес жаңалықтары