Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына бес спорт түрі қосылды

2028 жылғы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.

Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына бес спорт түрі қосылды
Фото: prosports.kz
1249

Халықаралық Олимпиада комитетінің атқару комитеті 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына жаңадан бес спорт түрін қосты, деп хабарлады turkystan.kz.

BasSport.kz-тың жазуынша, флаг-футбол, крикет, лакросс, сквош, және бейсбол/софтбол қосылады. 2028 жылғы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді. 

«Бұл ұсынылған бес спорт түрі америкалық спорт мәдениетіне толығымен сәйкес келеді және әлемге әйгілі америкалық спорт түрлерін көрсетеді. Олардың қосылуы Олимпиадалық қозғалысқа Құрама Штаттардағы және бүкіл әлемдегі спортшылар мен жанкүйерлердің жаңа қауымдастықтарымен араласуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге АҚШ-қа халықаралық спорт түрлері де келеді» - деді ХОК президенті Томас Бах.

Серіктес жаңалықтары