Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны 80 келі шаянды заңсыз аулаған
Ұсталғандардан жалпы салмағы 80 келіден асатын 5 қап шаян тәркіленді.
Ақтөбе облысының полицейлері 80 келі шаянды заңсыз аулаған БҚО тұрғындарын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.
12 қазанда Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Ақкемер ауылынан 5 шақырым жерде полиция қызметкерлері облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қиыл өзенінің арнасында балық ресурстарын заңсыз аулаған Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынын ұстады.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, ұсталғандардан жалпы салмағы 80 келіден асатын 5 қап шаян тәркіленді.
«Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері рейдтік жұмыстар барысында сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктерді, жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салу талаптарын бұзудың 17 фактісі, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз пайдаланудың 2 фактісі, заңсыз аң аулаудың 2 фактісі және ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 1 фактісінің жолын кесті», – делінген хабарламада.