Әлішер Сүлейменов әлемдегі ең үздік шахматшыны жеңіп, сенсация жасады

FIDE дүниежүзілік рейтингінде Сүлейменов 528-орында, ал Карлсен бірінші орында тұр.

Әлішер Сүлейменов әлемдегі ең үздік шахматшыны жеңіп, сенсация жасады
Фото: vesti.kz

23 жастағы Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді жеңіп, сенсация жасады, деп хабарлады  turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Әлішер Сүлейменов Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің екінші кезеңінде Магнус Карлсенді ұтты.

FIDE дүниежүзілік рейтингінде Сүлейменов 528-орында, ал Карлсен бірінші орында тұр.

Сүлейменов Павлодарда туып-өскен, былтыр Шахмат олимпиадасында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.