Қарағандыда 11 жастағы бала тоғыз қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
ЕKaraganda.kz сайтының мәліметінше, оқиға 11 қазанда болған.
«Сағат 12:16-да 2012 жылы туған баланың пәтер терезесінен құлап кеткені туралы хабар түсті. Бала үйде әжесімен болған, ата-анасы жұмысқа кеткен. Бала ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.