600 мың теңге: Астанада ЖОО-ға түспек болған азамат алаяққа алданып қалды

Алаяқ өзінің жоғары дәрежелі байланыстарының бар екенін айтып, талапкерді университетке түсіремін деп уәде берген.

600 мың теңге: Астанада ЖОО-ға түспек болған азамат алаяққа алданып қалды
egemen.kz
678

Елордада ЖОО-ға түспек болған азамат алаяққа алданып қалды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын айтып, полицияға арызданған.

«28 жастағы жігіт жоғары оқу орнына түсуге көмектесемін деген желеумен астаналық тұрғынның ақшасын иемденіп, алдап кеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады. Анықталғандай, алаяқ өзінің жоғары дәрежелі байланыстарының бар екенін айтып, төмен балл жинағанына қарамастан, талапкерді университетке түсіремін деп уәде берген. Ол өз қызметін 1,5 миллион теңгеге бағалап, 600 мың теңге аванстық төлем алған», – делінген хабарламада.

 Ақшаны алғаннан кейін ол уәделескен жәбірленушімен байланысын үзген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы ауданы ПБ қызметкерлерімен оның жеке басы анықталынып, тағы да осыған ұқсас алаяқтық іске қатысы бар екені белгілі болды.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары