«Маңдайымызға жазылғаны осы»: Серікбол Сайлаубек жеке өміріне қатысты шындықты айтты

Өнер иесі әйелімен ажырасып кеткеніне 4-5 жыл болғанын мәлімдеді.

«Маңдайымызға жазылғаны осы»: Серікбол Сайлаубек жеке өміріне қатысты шындықты айтты
ашық дереккөз
1322

Танымал әнші Серікбол Сайлаубек «Ұйқым келмейді» бағдарламасында жеке өміріне қатысты жаңалықтарымен бөлісті.

Бағдарлама кезінде ол балалары жайлы айтып берді.

«Шыны керек, уақыт жоқ. Анасы, апасы тәрбиелеп жатыр. Шыны керек, мен үйде пәтер жалдаушы сияқтымын. Бір-екі күн боламын, қайта кетемін. Тойға шақырады. Енді не істейміз?! Бала-шағаны асырау керек. Маңдайымызға жазылғаны осы енді», - деді Серікбол Сайлаубек.

Өнер иесі әйелімен ажырасып кеткеніне бірнеше жыл болғанын мәлімдеді.

«Халықты алдамай-ақ қояйын. Әйеліммен ажырасып кеткенімізге 4-5 жылдай болды. Қазір ол кісі өзімен-өзі. Енді үйде болмаймыз, әртіс адамға кім шыдайды?! Мүмкін мен де кінәлі шығармын. Қазір мен бойдақпын. Балаларымыз екі жақта жүре береді», – дейді Серікбол Сайлаубек.

Серіктес жаңалықтары