ІІМ Ұлттық ұлан сарбазының қазасына байланысты тың дерек жариялады

Ұлттық ұлан 6636 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері қатардағы Сұлтанов қарудан өзінің басына жарақат салып, салдарынан қаза болды.

ІІМ Ұлттық ұлан сарбазының қазасына байланысты тың дерек жариялады
Halyq Uni
2077

ІІМ-де Ұлттық ұлан сарбазының қазасына байланысты мәлімдеме жасалды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 қазанда түнгі сағат 01:00-де Ұлттық ұлан 6636 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері қатардағы Сұлтанов кезекші бөлімшенің құрамында бола тұра, бекітілген штаттық қарудан өзінің басына жарақат салып, салдарынан қаза болды.

«Осы факт бойынша Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оны тергеу тәжірибелі қызметкерлерден құрылған жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Қазіргі уақытта оқиға орны қаралып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Айғақтар, атап айтқанда қаза тапқан әскери қызметкердің ұялы телефоны мен бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. Тергеу барысында қатардағы Сұлтановтың оқиға орнында жалғыз болғаны анықталды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және тергеудің жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін Сұлтановтың әскери әріптестерінен, оның командирлерінен, басқа адамдардан жауап алу, сондай-ақ тиісті кешенді сараптамалық зерттеу шаралары жүргізілуде. Жәбірленуші жақтың уәждері де толық тексеріледі. Алдын ала тергеу нәтижелері бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы ерекше бақылауда», – деді ҚР ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы Серікбай Құсайынов.

Бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесінде Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
 

Серіктес жаңалықтары