Гүлзира Айдарбекова энергияны қайдан алатынын айтты

Алма ағашы гүлдеген сайын басын иеді ғой, сол сияқты болыңдар дедім, - деді Гүлзира Айдарбекова.

Гүлзира Айдарбекова энергияны қайдан алатынын айтты
ашық дереккөз

Продюсер Гүлзира Айдарбекова энергенияны қайдан алатынын айтты.

El.kz ақпараттық агенттігінің жазуынша, бұл туралы продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Көпшілік менен сіз неге шаршамайсыз? Энергияны қайдан аласыз деп сұрап жатады. Кішкентайымнан ата-анамның берген тәрбиесі. Еңбекқорлық, қарапайымдылық дегенді мен ұстап қалдым. Ұлдарыма да, келіндеріме де айтарым сол. Ешқашан аспандап кетпеңдер, қарапайым болыңдар. Алма ағашы гүлдеген сайын басын иеді ғой, сол сияқты болыңдар дедім, - деді Гүлзира Айдарбекова.

Алайда көпшілік продюсердің бұл сөздерін сынап тастады.