Құрмаш Маханов ел білмейтін құпиясын бөлісті

Белгілі әнші Құрмаш Маханов азан шақырып қойылған шын есімін айтты.

Құрмаш Маханов ел білмейтін құпиясын бөлісті
ашық дереккөз

Әнші Құрмаш Маханов «Жақсы адамдарым» бағдарламасында берген сұхбатында азан шақырып қойған шын есімі кім екенін айтты.

- Менің азан шақырып қойған есімім - Құрманбай. Құрбан айт күні туған екенмін. «Жас Қанат», «Азия дауысына» Құрманбай боп шығып жүрдім. «Азия дауысынан» кейін мені ауылыма шақырып, аудан боп жиналып, телеарна шақырды. Маған ат мінгізді. Сол кезде ағайындар, көрші-қолаң «Неге есіміңді өзгерттің? Құрманбайды қайдан тауып алғансың?» деп назын айтты. Олардың бәрі мені «Құрмаш», «Құрмашек» деп атайтын. Мен құжаттағы есімім Құрманбай екенін айтып едім, «Жоқ. Сен Құрмаш болу керексің» деді. Сосын 1998 жылдан бастап сахнадағы есімім - Құрмаш болды. Өзіме де ұнайды, - деді Құрмаш Маханов.