Биыл ШҚО-да 360 шақырым жол жөнделмек

Биыл ШҚО-да 360 шақырым жол жөнделмек

Биыл ШҚО-да 360 шақырым жол жөнделмек
ашық дереккөзі
Биыл да бірінші кезекте өңірдегі облыстық және республикалық жолдарды жөндеуге басымдық берілмек, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Былтырғыдай, жолдарды қалпына келтіру жұмыстары алдымен орта жөндеуге бағытталады. Жалпы алғанда, бүгінде облысымыздағы жолдардың 76,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. «2016 жылы жалпы ұзақтығы 389 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына асфальт төселген, оның 221 шақырымы – облыстық маңыздағы жолдар. Әсіресе, жылдар бойы жөндеу көрмеген жолдардың қалпына келтірілуі тұрғындар үшін жақсы жаңалық болғаны рас. Оның ішінде Алакөл көліне апаратын, сондай-ақ, Өскемен қаласынан «Нұртау» шаңғы базасына дейінгі жолдар, сонымен қатар, Күршім-Қалжыр, Өскемен-Тарғын-Самар, Бородулиха-Шемонайха бағыттарындағы трассалар жөндеуден өтті. Бұған қоса, Аягөз қаласы мен Ақсуат ауылы аралығындағы 78 шақырымды құрайтын жол учаскесінде және Сібе көлдеріне апаратын тас жолда орта жөндеу жүргізілді», — делінген хабарламада.