Үш жылдан бері ұлы мен қызын зорлап келген: СҚО-да ер адамға үкім шықты

Ер адам 2020 жылдан бастап биылғы 30 қаңтарға дейін кәмелет жасына толмаған қызы мен ұлын бірнеше рет зорлаған.

Үш жылдан бері ұлы мен қызын зорлап келген: СҚО-да ер адамға үкім шықты
ашық дереккөз
1373

Солтүстік Қазақстан облысында екі баласына жыныстық зорлық көрсеткен ер адамды сот өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Сотталған - Өзбекстан азаматы Бекниязов. Ол отбасымен СҚО М.Жұмабаев ауданында тұрған.

Бұған дейін Полиция департаментінде ер адамның мас күйінде қызы мен ұлын зорлағаны туралы айтылған еді.

Қылмыстық іс сотта жабық қаралды.

СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, ер адам 2020 жылдан бастап биылғы 30 қаңтарға дейін кәмелет жасына толмаған қызы мен ұлын бірнеше рет зорлаған.

Оның кінәсі жәбірленушілердің, жәбірленушілердің заңды өкілінің, куәгерінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен толық дәлелденді. Сотталушы мен оның адвокаты айыптаумен келіспеді, ақтауды сұрады. Сот жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстың мас күйінде жасалғанын есепке алды. Ер адамның жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.

«Жасалған қылмыстардың аса ауыр қылмыстар санатына жататынын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің мән-жайларын, кінәлінің жеке басын ескере отырып, сот барынша қатаң жаза тағайындау қажеттігі туралы қорытындыға келді. Сот ер адамға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті», – делінген қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз хабарламасында.

Сотталған жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Серіктес жаңалықтары