Forbes Қазақстан еліміздегі ең ықпалды 50 кәсіпкердің тізімін жариялады

Биыл тізімді Kaspi.kz-тің негізін қалаушы және 3 ірі акционерінің бірі 54 жастағы Вячеслав Ким бастады.

Forbes Қазақстан еліміздегі ең ықпалды 50 кәсіпкердің тізімін жариялады
Вячеслав Ким/ ашық дереккөз

Forbes Қазақстан еліміздегі ең ықпалды 50 кәсіпкердің тізімін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz басылымға сілтеме жасап.

Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің алғашқы рейтингісінен бері рейтингтің көшбасында немесе Тимур Құлыбаев, болмаса Болат Өтемұратов тұратын. Дегенмен,13-шығарылымда бірінші орынды аталған екі кәсіпкерден басқа адам иеленіп отыр. Биыл тізімді Kaspi.kz-тің негізін қалаушы және 3 ірі акционерінің бірі 54 жастағы Вячеслав Ким бастады.

Тізімде кей кәсіпкерлер төмен түскен, кейбірі жоғарылаған. Жаңадан рейтингке енгендер де бар.

Forbes Қазақстан рейтингті 2011 жылғы қазаннан бері жариялап келеді.