Вагон үстіне шыққан 15 жастағы баланы тоқ соғып, денесін күйік шалған.
Шымкентте жасөспірім вагон үстіне шығып, тоққа соғылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 8 қазан күні, сағат 21.25-те болған.
Otyrar.kz сайтының мәліметінше, Тұран ауданы, Түргенев көшесінде «Қорғасын» темір жол стансасы бойында 2008 жылы туған бала вагон үстіне шығып, абайсызда электрлік күйік жарақатын алған.
Жарақат салдарынан бала 2-дәрежелі дененің күйігімен ауруханаға жатқызылған. Қазір жағдайы орташа ауыр.