931 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды

2-8 қазан аралығында ел аумағында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен.

931 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды
el.kz

Ішкі істер министрлігі өткен аптадағы жұмысын қорытындылады.

«Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір апта ішінде 2893 қылмыс жасалды, оның 1800-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 9 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 31 тонау және 368 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді министрліктің өкілі Шұғыла Тұрлыбек баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, 2-8 қазан аралығында ел аумағында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен.

«Шараның мақсаты - заңсыз көші-қон арналарын анықтау және оның жолын кесу. Операция барысында көші-қон заңнамасын бұзған 8303 шетелдік, сонымен қатар шетелдіктердің елде болу ережесін дұрыс қамтамасыз етпеген 2632 адам мен шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 537 адам жауапкершілікке тартылды. Елден 931 шетелдік азамат шығарылды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен келген шетелдіктер арасынан 22 қылмыскер ұсталды», - деді ол.