«Бірге тоғыз жыл өмір сүрдік»: Мұхтархан Ділдәбеков марқұм әйелін еске алды (ВИДЕО)

Мұхтархан Ділдәбеков бірінші әйелінің ақтық демі қалғанша қасында болғанын айтады.

«Бірге тоғыз жыл өмір сүрдік»: Мұхтархан Ділдәбеков марқұм әйелін еске алды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот
2014

Бокстан Сидней Олимпиадасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков «Хабар» арнасынан шығатын «Алғашқы» бағдарламасында бірінші әйелі Жанарды еске алды.

Ол Жанармен оқу-жаттығу жиындарына барып жүргенде темір жол кассасында танысып, артынша көңіл жарастырып, екеуі шаңырақ көтерген.

«Тағдыр ғой, бұл. Өмір жалғасады. Алла тағала сынды көтергенге береді. Екеуміз бірге тоғыз жыл өмір сүрдік. Одан кейін дүниеден қайтты. Ол кейінгі жолдасым Альбинаға разышылығын білдіріп, өзі үйлендірді. Альбинамен жұмыс бабымен танысып, көңіліміз жарасты. Ол екеуміз бас қосқаннан кейін, екі жылдан соң Жанар дүниеден қайтты. Дерт табылған күннен бастап, кеткен күнге дейін қасында болдым. Ешқайда бармадым. Жақсы жар еді. Қатты күресті. Өмірден кететінін аяғына жеткен кезде ғана білді. 10-15 күн қалғанда сезді. Оған дейін екеуміз күресіп келдік. Бірақ Алла тағала алады екен, алды», – дейді боксшы.

 

Серіктес жаңалықтары