Сиви Махмуди басынан өткен ауыр жағдайын бөлісті

Белгілі әнші Сиви Махмуди күрделі отасы жайлы айтып берді.

Сиви Махмуди басынан өткен ауыр жағдайын бөлісті
aqmeshit-aptalygy.kz
4978

Ол бұл туралы журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында айтқан, деп хабарлады turkystan.kz Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ота жасаттым. Мұрынға қатысты ішкі мәселелері болатын. Ота жасатып болғаннан кейін 1 ай өткен соң жол апатына түстім. Соқтығысқан кезде адамдар есігін аша алмады. Мұрнымнан көп қан кеткен кездегі қорқынышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мида "Мұрынды абайла" деген ой тұрды. Отадан кейін төсекке жатқанда да мұрнымды байқап жүрген едім. Жол апатына түскенде дәл мұрныма тиді. Мұрным түсіп қалды. Қасымда досым болған еді. "Мазам қашып кетті" дейді. Жазым шығар. Әйтеуір соғысқан жерімізде жанармай бекеті болды. Сол жердегі адамдар көмектесті. Ауруханаға барғанымызда "Мұрныңыз сынған" деді. Қайтадан Өзбекстанға барып, ота жасатқан болатынмын", – дейді ол.

Айта өтейік, өнер иесі бұдан бөлек пластикалық оталардың көмегіне жиі жүгініп тұрады. Ол қабағына, төсіне жасалған оталары туралы көпшілікпен бөліскен болатын.  

Серіктес жаңалықтары