Павлодарда ер адам полицейге шабуыл жасап, погонын жұлып алған

Павлодарда ер адам полицейдің погонын жұлып, қашуға тырысты.

Павлодарда ер адам полицейге шабуыл жасап, погонын жұлып алған
polisia.kz
677

Павлодарлық полицияға қарсылық көрсеткен азамат жауапқа тартылды, деп хабарлады turkystan.kz.

ІІМ мәліметінше, Павлодар қаласындағы бір дәмханада жанжал болып жатқандығы туралы шақыру келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер дәмханаға келушілер арасында болған жанжал төбелеске ұласқанын анықтады. Мас күйде болған жанжалға қатысушылар полицияның заңды талаптарына бағынбаған. Ер адам оқиға орнынан қашуға тырысып, полицейге қарсылық көрсеткен. Сонымен қатар погондарын жұлып, нысанды киімдерін бүлдірген.

«32 жастағы күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Полицейлердің бірі ауруханаға медициналық көмекке жүгінді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабы 4-бөлімінің 1-тармағы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», – деді Павлодар облысының Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары