Қатарынан жеті рет: Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының финалында Баходир Джалоловтан жеңіліп қалды

Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Джалолов бұған дейін шаршы алаңда 9 рет кездескен.

Қатарынан жеті рет: Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының финалында Баходир Джалоловтан жеңіліп қалды
ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының финалында өзбекстандық Баходир Джалоловқа есе жіберді.

92 келіден аса салмақта жұдырықтасқан Қамшыбек төрешілер шешімі бойынша Баходир Джалоловтан жеңіліп қалды. Сөйтіп, ол Азиаданың күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, екі боксшы бұған дейін шаршы алаңда 9 рет кездескен. Отандасымыз қарсыласына алты рет есе жіберді.