Синоптиктер 11 өңірде ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бейсенбі, 5 қазанда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Синоптиктер 11 өңірде ескерту жасады
Ашық дереккөз

Атырау облысының батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман.

Астанада түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады.

Ақмола облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында 2 градус үсік болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15- 20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 1 градус үсік болады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 1 градус үсік болады.