Ұлытау облысында 9 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді.

Ұлытау облысында 9 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген
24.kz
933

Ұлытау облысының білім беру мекемелерінде жалған дипломдармен тоғыз педагог жұмыс істеген, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпаратынша, облыс бойынша жыл басынан бері аталмыш салада 3 қылмыстық және 14 әкімшілік іс тіркелген.

Мғалімдер күні қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары мектеп басшыларымен және білім басқармасының бөлімдерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылады

Еске сала кетейік, заңға сәйкес 10 АЕК-тен жоғары сыйлық қабылдаған педагогқа 7 млн теңге көлемінде айыппұл салынады.

 

Серіктес жаңалықтары