Өз көзіне өзі сенбеді: Асланбек Шымбергеновты жеңген жапондық боксшының бапкерлері таңғалысын жасырмады (ВИДЕО)

Қазақстан бокс федерациясы бұл кездесудің нәтижесіне қатысты сын айтқан болатын.

Өз көзіне өзі сенбеді: Асланбек Шымбергеновты жеңген жапондық боксшының бапкерлері таңғалысын жасырмады (ВИДЕО)
Sports kz

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында жапондық боксшы Севон Оказаваның бапкерлері шәкіртінің Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновты жеңгенін көрген кезде таңғалысын жасырмады, деп хабарлады Sports.kz-ке сілтеме жасап.

71 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Шымбергенов жартылай финалда Оказавадан төрешілер шешімі бойынша жеңіліп, қола медальді місе тұтқан болатын. 

Көпшілік Шымбергеновтың жеңілісі әділетсіз болды деп шулап, тіпті Қазақстан бокс федерациясы бұл кездесудің нәтижесіне қатысты сын айтқан болатын.