Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының финалына шығып, Олимпиадаға жолдама алды (ВИДЕО)

Қамшыбек Қоңқабаев – бокстан ерлер құрамасы сапында Олимпиада жолдамасына ие болған әрі финалға шыққан жалғыз боксшы.

Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының финалына шығып, Олимпиадаға жолдама алды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

92 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда үндістандық Нариндеермен кездесіп, 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, Париж Олимпиадасының жолдама алды.

Айта кету керек, Қамшыбек Қоңқабаев – бокстан ерлер құрамасы сапында Олимпиада жолдамасына ие болған әрі финалға шыққан жалғыз боксшы.

Бұған дейін Азия ойындарында Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Сағындық Тоғамбай қола жүлде алды.