«Азия ойындары тарихындағы ең әділетсіз шешім» – Кеңес Рақышев
Шымбергенов бүкіл жекпе-жек бойы жапониялық Севон Оказаваны соққының астына алды.
Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық олимпиада комитетіне ресми жүгініп, наразылық білдіретін болды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Азия ойындары тарихындағы төрешілердің ең әділетсіз шешімі. Әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновтың жартылай финал кездесуінде төрешілердің өте әділетсіз шешіміне қатысты өрескел оқиға орын алды. Шымбергенов бүкіл жекпе-жек бойы жапониялық Севон Оказаваны соққының астына алды. Барлық жағынан мықтырақ әрі басым болды. Бірақ олар қарсыласының қолын көтерді.
Ханчжоудағы Азия ойындарының жартылай финалында болған оқиға шектен шықты. Осыған байланысты Қазақстан бокс федерациясы ресми түрде Халықаралық олимпиада комитетіне төреші қызметіне өз шағымдарын білдіреді», - деді Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев.