Азиада-2023: Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті

Алексей Луценко Азиаданың үш дүркін жеңімпазы атанды.

Азиада-2023: Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті
gov.kz

Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Prosports.kz сайтының мәліметінше, Алексей Луценко Азиаданың үш дүркін жеңімпазы атанды. 

Қазақстан құрамасының көшбасшысы тас жолдағы веложарыста 48:05:75 уақыт көрсеткішімен алтын медаль еншіледі. 

Осыған дейін, Алексей 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада Азия ойындарының чемпионы атанған еді.