Президент Бас прокурордың орынбасарын тағайындады

Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

Президент Бас прокурордың орынбасарын тағайындады
gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Садырбеков Ғабит Амангелдіұлы 1978 жылғы 3 маусымда Ақмола облысында туылған.

Білімі жоғары:

1994-1999 жж. - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті.

Мансап:

2001-2017 жж. – прокуратура органдарындағы қызмет.

2017-2020 жж. – банк саласындағы қызмет.

2020-2021 жж. – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі.

2021 жылғы 2 наурыздан 2022 жылғы 8 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысы.

2022 жылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болды.