«Қан құйғызудан бас тартқан»: Ақмола облысында бір жасар сәби қайтыс болды

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тексеру жұмыстары басталды

«Қан құйғызудан бас тартқан»: Ақмола облысында бір жасар сәби қайтыс болды
ашық дереккөз
1137

Ақмола облыстық балалар ауруханасында ата-анасы науқас сәбиіне қан құйғызудан бас тартқан. Екі жасқа толмаған бөбек қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

«Жағдайы күннен-күнге нашарлап, балаға қан компоненттерін құю керек болды. Бірақ әке-шешесі өздерінің дін мәселесі бойынша түбегейлі қарсы болды. Олар «Свидетели Йегова» жетегінде жүрген кісілерміз, біздің дін бойынша қан компоненттерін құю өмірді құюмен тең» деді», - дейді Ақмола облысы балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Маржан Махашева.

Щучье қаласынан санавиацииямен жеткізілген кішкентай науқастың онсыз да халі ауыр болған. Екі өкпесі қабынып, арнайы аппаратпен тыныстап комада жатқан. Дәрігерлер жанталасып сәбидің өмірін сақтап қалуға кіріскен сәтте, қан компоненттерін құю қажет болыпты. Осы кезде ата-анасы балақайға қан құюға рұқсат бермегенімен қоймай, альтернативті ем шараларды ұсынған. Өмір мен өлімнің арасында жатқан пациентіне қалай көмектесерін білмеген дәрігерлер өкілетті мекеме қызметкерлерінен комиссия құрып, жабылып діни сенімінен шыға алмаған 43 жастағы әке мен шешені ортаға алған. Түсіндіру жұмысын жүргізіп, рұқсатын сұрайды. Бірақ екеуі алған бетінен қайтпаған.

«Бір жас сегіз айлық сәби облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Қазір аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тексеру жұмыстары басталды», - дейді Ақмола облысы ПД баспаөз қызметінің ресми өкілі Әсем Әбдірахманова.

Серіктес жаңалықтары