Оралда балалар өнер мектебі өртенді

Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

Оралда балалар өнер мектебі өртенді
Mgorod.kz
882

Оралда балалар өнер мектебінің шатыры өртенді, деп хабарлады turkystan.kz  «Мой город» порталына сілтеме жасап.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2 қазан күні Деркөл кентінде болған.

«Сағат 17.46-да Н.Башмаков көшесі 6-мекенжайда 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан №1 өнер мектебі ғимаратының шатырында рубероидты төсеу кезінде газ қоспасы жарылған (қираусыз). Жалын шамамен 40 шаршы метрді шарпыған. Өртке 3 ранг беріліп, оқиға орнына ТЖ департаментінен 48 адам және 9 техника жетті. Оқиға орнына жеткен кезде 3 ранг расталмады, департаменттен 9 адам 2 техника жұмыс істеді. Олардың жедел әрекет етуі нәтижесінде өрттің өршуіне жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығын, өрттің шығу себебі анықталу үстінде», - деп хабарлады департаменттен.

Тілсіз жау сағат 18.00-де оқшауланып, 18.15-те ауыздықталды.

Серіктес жаңалықтары