Мырзағали Айтжанов: Махмұд Сабырхан жеңілді деп айта алмаймын

Махмұд Сабырхан Азиада алдында жаңа салмаққа ауысқан болатын.

Мырзағали Айтжанов: Махмұд Сабырхан жеңілді деп айта алмаймын
ашық дереккөз
1628

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Махмұд Сабырханның жеңілісі туралы өз ойын ортаға салды, деп хабарлады turkystan.kz «Astana Arlans» командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл жарыста протест берілмейді. Сондай ережесі бар. Жаңа салмақ, қарсыластар да мықты. Барын салды. Жеңілді деп айта алмаймын​», – дейді бас бапкер.

​Еске сала кетейік, Азиаданың 1/8 финалында 57 келіге дейін жұдырықтасатын Махмұд Сабырхан Солтүстік Корея өкілі О Тае Бомнан жеңіліп қалған болатын. Бұған дейін 54 келіде өнер көрсеткен Махмұд – әлем чемпионы әрі әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.

Серіктес жаңалықтары