Аяғы сынған: Жамбыл облысында снаряд жарылып, офицерлер жарақат алды

Қару дұрыс атылмай, үш жауынгер жазым бола жаздады.

Аяғы сынған: Жамбыл облысында снаряд жарылып, офицерлер жарақат алды
tengrinews.kz
1179

Жамбыл облысындағы «Айша бибі» әскери полигонында снаряд жарылып, офицерлер жарақат алды. Ауруханаға жедел жеткізілген Ұлттық ұланның бір жауынгері Шымкентке жіберілсе, енді бірі Тараздағы жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан, деп хабарлады turkystan.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Ал 26 жастағы офицердің аяғы сынған. Ота жасалған қос жауынгердің беті бері қарады дейді дәрігерлер. Тараз маңындағы полигонға жауынгерлер Ұлттық ұланның Шымкенттегі әскери бөлімінен келген. Оқу-жаттығу жиыны кезінде кенет артиллериялық қарулардың бірі дұрыс атылмай, 82 милиметрлік снаряд офицерлердің қасына құлаған. Қазір әскери полиция осы оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Ал жазатайым жағдайды командирлер көзбен көрсе де, оқиғаның қалай болғанын ашып айтпай отыр.

Марат Рахпанов, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 6506 әскери бөлімінің командирі:

- Оқу-жаттығу кезінде артиллериялық қаруды жоспарлы ату кезінде снаряд жарылды. Тергеуді Тараз гарнизонының әскери полициясы жүргізіп жатыр. Ал минометтердің барлығы қолдануға жарамды. Қанағаттандырарлық күйде. Офицерлер жарақатынан жазылған бойда қатарға қайта қосылады.

 

Серіктес жаңалықтары