Бүгін Асыланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарында жекпе-жек өткізеді

Асыланбек Шымбергенов түстен кейінгі сессияда өнер көрсетеді.

Бүгін Асыланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарында жекпе-жек өткізеді
Фото: olympic.kz

Бүгін, 3 қазанда Қазақстанның екі боксшысы Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шығу үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Асыланбек Шымбергенов күндізгі сессияда өнер көрсетеді. Ол 71 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда жапондық Севон Окадзавамен жұдырықтасады. Жекпе-жек Астана уақытымен 14:15-те басталады.

Кешкі сессияда Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шығады. Ол 92 келіден жоғары салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жегін ауыр салмақтағы үндістандық Нарендермен өткізеді. Жекпе-жек Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Қазақ боксшылары қатысатын екі жекпе-жектің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.