«Кіріп шығамын»: Әнші Бүркіт Қайрат Боранбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты

Әнші қазір түрмеде отырған Қайрат Боранбаевқа кіріп шығуды ойлап жүргенін айтты.

«Кіріп шығамын»: Әнші Бүркіт Қайрат Боранбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты
turkystan.kz
5303

Бүркіт лақап атымен танымал әнші Айбек Жансейітов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында танымал бизнесмен Қайрат Боранбаевпен қарым-қатынасы жайлы айтты.

Ол жақында тар қапаста отырған Қайрат Боранбаевқа және тағы бірнеше адамға азық-түлік апарып, кіріп шығуды жоспарлап отырғанын айтты.

 «Мен ол кісімен қатты араласпасам да баратын ойым бар. Кезінде көрші жігіт Жаңаөзендегі жағдайға байланысты 8 жылға сотталып кетті. 4 жыл отырып, кейіннен шықты. Сол кезде көршім болған соң, оған азық-түліктерін алып, бір рет барғанмын. «Бүркіт келді» деп бәрі шулады. Ол да қатты қуанды. Содан бері әлі күнге дейін сол оқиғаны мені көрген сайын айтып алғысын білдіреді. Тіпті барлығына айтып жүреді екен. Демек, бұл -  ешқашан ұмытылмайтын жақсылық.

Негізі, кіріп шықсам ба деген екі-үш адамым бар. Біріншісі -  Қайрат Боранбаев, екіншісі -  Мейірхан Шерниязов деген актер жігіт. Тағы бір жолдас жігіт бар. Оны ешкім танымайды», – деді Бүркіт.

Әнші осы тұста дәрежелі адамдарға ешқашан жағымпазданып, ештеңе сұрамағанын, олардың алдында шет елге шығып өнер көрсетпегенін де жеткізді.

«Мен үшін үлкен дәрежедегі адамдар, олар - менің әкем мен екі ағам. Бірінші құдай одан кейінгі осы әкем мен екі ағам. Басқа дәрежелі адам деген мен үшін жоқ», - деп қорытты ол.

 

Серіктес жаңалықтары