Астанада ерлі-зайыптылар ойын-сауық орындарында есірткі таратқан

Есірткі сатушылардың бірі Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астанада ерлі-зайыптылар ойын-сауық орындарында есірткі таратқан
ашық дереккөз

Елордада жас жұбайлар ойын-сауық орындарында есірткі таратқан, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында елордалық полицейлер ойын-сауық орындарына есірткі жеткізумен айналысқан жас жұбайларды анықтады. Астана тұрғынына тиесілі Mercedes-Benz автокөлігін тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын мефедрон есірткі заты салынған қағаз қапшық, орауыш ыдыстар мен есірткі заттарын қаптауға арналған құрылғылар тәркіленген.

«Одан әрі ерлі-зайыптылардың Бектұрова көшесіндегі тұрғылықты жерін тінту кезінде ас үй шкафынан салмағы 350 грамнан астам мефедрон есірткі заты бар сөмке табылған. Тәркіленген синтетикалық мефедрон есірткінің жалпы салмағы 558 грамм немесе шамамен екі мыңнан астам бір реттік дозаны құрайтын болған», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Есірткі сатушылардың бірі Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.